Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті

25 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Қорғаныс министрлігі

25 шілдеде Алматы облысында үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы радардан жоғалып, байланысқа шықпай қалды. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған әскери тікұшақ Луговой елді мекенінен ұшып шығып Отар аумағында байланысын жоғалтқан.

«Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде "Қазавиақұтқарудың" 2 тікұшағы жұмылдырылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық бірлік техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Алматы облысы әскер Тікұшақ Отар