Қазақстан БҰҰ қағидаттарын қолдайды

25 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: ҚР СІМ

Қазақстан өкілдері 22 шілдеде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталасында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуда диалог пен ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті көпжақтылық және дауларды бейбіт жолмен шешу арқылы ілгерілету» тақырыбындағы ашық пікірталас кезінде еліміз өз ұстанымын ашық білдірді.

Қазақстан делегациясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарын дәйекті түрде қолдап келе жатқанын атап өтіп, елдің халықаралық құқық нормаларына адалдығын тағы да растады. Атап айтқанда, күш қолданудан бас тарту, мемлекеттердің аумақтық тұтастығына құрметпен қарау және дауларды бейбіт жолмен реттеу секілді негізгі ұстанымдарға баса мән берілді.
Қазақстан сондай-ақ өңірлік ұйымдар­дың рөліне ерекше назар аударды. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жө-
н­ін­дегі кеңес (АӨСШК) пен Шанхай ынты­мақтастық ұйымы (ШЫҰ) Азияда сенім мен тұрақтылықты нығайтуда маңызды диалог алаңдары екені айтылды.
Сонымен қатар делегация Алматы қала­сында орналасқан БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орта­лығының қызметін жоғары бағалады. Бұл орталық Орталық Азия мен Ауғанстандағы бейбітшілік пен даму үдерістеріне елеулі үлес қосып отыр.
Қазақстанның бұл мәлімдемесі еліміздің бейбітшілікке негізделген сыртқы саясатты ұстанатынын және халықаралық аренада жауапкершілікті серіктес ретінде әрекет ететінін тағы бір мәрте көрсетіп берді.
 

Тэгтер:

Қазақстан БҰҰ қолдау қағидат