Қазақстан мен Канада байланысын нығайтуға ниетті

25 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат

Қазақстан мен Канада инвестиция, энергетика мен саяси бағытта ынтымағын нығайтуға ниетті. Бұл жөнінде Қазақстанның Канададағы Елшілігі мен Бейбітшілік пен дипломатия институтының (IPD) бірлесіп өткізген вебинар-брифинг барысында айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты биылғы 29-30 мамырда өткен «Астана халықаралық форумы» мен 4-5 маусымда ұйымдасты-
р­ылған «Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне» Канада делегацияларының қатысу нәтижелерін қорытындылау болды.
Вебинарға Канада Парламентінің деп­у-
т­аттары, федералдық және жергілікті билік өкілдері, іскерлік топтар, зерттеу орталық­тары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәу­лет­бек Құсайынов пен Канада Елшісі Крис­то­фер Дагган екі ел арасындағы экономика­лық қарым-қатынас, әсіресе энергетика, тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында қарқынды дамып келе жатқа­нын ерекше атап өтті. Сонымен қатар та­рап­тар саяси диалогты нығайту Канада бизнесінің Орталық Азиядағы белсенділігін арттыруға сеп болатынын айтты.
Вебинарда сөз сөйлеген Maqsut Narikbayev University өкілі Мирас Жиенбаев қа­зіргі геосаяси жағдайдағы Қазақстанның сыртқы саясаты мен Астана мен Оттава ара­сын­дағы ықтимал саяси серіктестік бағыттарына қатысты көзқарасын бөлісті.
Бейбітшілік пен дипломатия инсти­туты­ның басшысы Юнес Зангиабади мен Онтарио провинциясындағы Садбери қаласы әкімдігінің өкілі Елена Зубудская Астанада өткен форумдарда жасалған нақты уағдаластықтар мен канадалық бизнестің Қазақстандағы белсенді қа­тысуы­ның маңызына тоқталды.
Сондай-ақ Arras Minerals компания­сының президенті Даррен Клинк Қазақ­стан­да бизнес жүргізу тәжірибесін бөлісіп, елдегі инвестициялық ахуалдың шетел кәсіпкерлеріне қолайлы екенін айтты.
Жиында қос тарап алдағы уақытта да экономикалық және саяси саладағы ынты­мақты нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Вебинар Қазақстан мен Канада арасындағы нақты жобалар мен өзара тиімді серіктес­тікті дамытуға бағытталған ашық диалог алаңы болды.

Тэгтер:

Қазақстан Канада