Азаматтық қоғам өкілдері Шымкентте бас қосты

25 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат

Өткен аптада «Шымкент қаласының тұрақты дамуы: азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында XII Азаматтық форум өтті. Бұл басқосу елімізде өтетін жалпыұлттық Азаматтық форум қарсаңында ұйымдастырылып, азаматтық сектор мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттестігін тереңірек талқылауға арналды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Форумның мақсаты – азаматтық баста­маларға қолдау көрсету, үкіметтік емес ұйым­дар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, қоғам өміріне белсенді араласуға ынталандыру. 
Жиынға ҮЕҰ өкілдерімен бірге мемле­кеттік мекемелер, халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар азаматтық қоғамның қала дамуына әсері, үкіметтік емес ұйымдардың тиімділігі мен қоғамдық бақылаудың рөлі туралы ой бөлісті.
Биылғы форум мазмұны мен форматы жағынан кеңейтіліп, бірнеше панельдік сессияны қамтыды. Пленарлық отырыста әлеуметтік серіктестік, мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыстың ашықтығы, жастар рес­урстық орталықтарының әлеуеті, цифр­лық шешімдер мен қоғамдық бақылау тетіктері сияқты маңызды тақырыптар қоз­ғалды.
Сонымен қатар қатысушылар ашық пікірталастарға қатысып, сәтті жобалармен танысты. «ҮЕҰ өмірі – бір сәт бейнеде» атты фотокөрме форумға ерекше серпін берді.
Екі жылда бір өтетін бұл өңірлік форум азаматтық қоғамның қазіргі жағдайын бағалап қана қоймай, болашақтағы даму бағыттарын да айқындауға жол ашты. Әсіресе, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жергілікті деңгейде қалай жүзеге асып жатқанына ерекше көңіл бөлінді.
Ұйымдастырушылар барлық қатысу­шыларға алғыс білдіріп, азаматтық белсен­ділік пен қоғамға қызмет етудің маңызын атап өтті. Форум Шымкенттің инклюзивті әрі тұрақты дамуына оң ықпал етеді деген сеніммен қорытындыланды.
 

Тэгтер:

Шымкент Азаматтық қоғам