Президент 29 шілдеде Түркияға ресми сапармен барады

25 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

29 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға ресми сапармен барады, деп хабарлады turkystan.kz.

Анкарада екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселесін талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғарғы деңгейдегі  стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізеді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Түркия сапар Режеп Тайип Ердоған