Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс: СІМ мәлімдеме жасады

24 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

 24 шілдеге қараған түні шекараның даулы учаскесінде Таиланд пен Камбоджа әскерлері арасында қақтығыс болды. Екі жақ та шекара бойындағы позицияларын нығайтқандықтан, жағдай шиеленісіп тұр

ҚР Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі осы жанжал төңірегіндегі жағдайға түсініктеме берді. Айта кетерлігі, Тайланд қазақтар үшін жыл бойы демалыс орны болып қала береді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында қақтығыс болған аймақтарда қазақстандық туристер жоқ екенін мәлімдеді. Демалысқа ұшып кеткендердің қорқуға себебі жоқ.

Таиланд 2025 жылдың маусымында Камбоджамен шекарасы арқылы жүруге шектеу қойды. Әскерилер барлық дерлік саяхатшыларға, соның ішінде туристер мен саудагерлерге өткелдерді жапты.

Тэгтер:

Таиланд Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтар туристер Камбоджа