«Ninety One» тобының мүшесі, ACE лақап атымен танымал әнші Әсет Ашмақын болашақ келіншегі таныстырып, желіде бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Оны алғаш көрген сәт әлі есімде. Дәл сол күні менің өмірім өзгерді. Ол менің өміріме тыныштық пен жарық алып келді.
Баршаңызға осындай ерекше сезімді бастан кешіруді тілеймін. Жарық махаббатқа толы өмір кешіңіздер. Бақытты болыңыздар! Баршаңызға бақыт тілеп келдім, енді кезек маған келген сияқты.
Танысып қойыңыздар, Нұрилә», – деп жазды өнер иесі.