Димаш Құдайберген Мексикада жеке концертін өткізеді

23 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
dimashnews.com

Қазақстанның халық әртісі, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Мексика астанасы Мехикода жеке концерт береді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Азаттық рухына сілтеме жасап.

«Stranger» деп аталатын шоу 2025 жылғы 8 қазанда өтеді.

DimashNews порталының хабарлауынша, концерт Мексиканың ең ірі әрі беделді концерт алаңдарының бірі – Auditorio Nacional сахнасында ұйымдастырылмақ.

«Auditorio Nacional – Мексиканың ең танымал концерт залдарының бірі. Осы жерде Димаштың жанкүйерлері Қазақстаннан келген талантты әншінің өнерін тамашалай алады», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

концерт Димаш Құдайберген Мексика