Өскемен қаласында бес қабатты үй өртенді

23 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Өскеменде шатыры өртенген көпқабатты үйден 45 адам эвакуацияланды, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 шілде күні түскі уақытта Назарбаев көшесіндегі 5 қабатты үйдің үйдің шатырында өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

"Тілсіз жаумен күреске жеке құрамнан З9 адам және 14 техника жұмылдырылды. Үйден барлығы 45 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Зардап шеккен ешкім жоқ", — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тұрғын үйдегі өртті сөндіру үшін автоматты иінді көтергіш жұмылдырылды. Соның көмегімен өрт сөндірушілерге су үздіксіз беріліп отырды.

Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.

 

Тэгтер:

үй Өскемен