10 жастағы баланы иттерден құтқарған тұрғын Президенттің Алғыс хатын алды

23 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Серікбек Сақайбековке Президенттің атынан Алғыс хат табыстады, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Ауыл тұрғыны маусым айының соңында Алмалыбақ ауылында ит шабуылына ұшыраған 10 жасар баланы ажалдан арашалап қалды. Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында орын алған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де баланы құтқарып қалған.

Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыс барысында еліміздің су шаруашылығын дамытуға және халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін «Алматыоблсушар» мекемесінің «Іле» өндірістік учаскесінің инженер-гидротехнигі Валентина Леонидовна Мулявко Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі №933 Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Тэгтер:

Президент Көмек Алматы облысы марапат Серікбек Сақайбеков