Ақша айырбастау пунктерінде доллар 542 теңгеге жетті

23 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бүгін Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы өсті, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 536,72 теңгені, сату – 539,85 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 534,45 теңгеге сатып алып, 541,45 теңгеге сатады.

Еске салайық, ҚР Ұлттық банкінің 23 шілдеге арналған ресми доллар бағамы – 531,96 теңге.

Тэгтер:

Доллар Валюта биржа нарық қор