Таңертең тісті бірден жуу зиян – маман пікірі

23 шілде, 2025 / Дана Ізтілеуова
pixabay.com

Белгілі стоматолог Патти Кабо миллиондаған адам таңертең тісін дұрыс жумай жүргенін айтады, – деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Ол өзінің TikTok-тағы парақшасында тісін дұрыс жумай жүргендердің қатарына өзі болғанын да айтады. Басты қателік – көп адам таңертең ұйқыдан тұра сала, бірден тісін жуады. Маманның айтуынша, бұл – дұрыс емес. Бірден тісіңді жусаң, түн бойы жиналған бактериялар бірден ағзаға түседі.  

«Мен үнемі таңға бірінші тісімді жуатынмын. Алайда мен түн ішінде жиналған бактерияларды жұтумен болдым», – дейді маман.  

Тісті қалай жуған дұрыс?

  1. Алдымен 1 стақан су ішіңіз. Бұл ауыздағы қышқыл дәмді кетіруге септігін тигізеді.
  2. 10 минут күтіңіз, сосын тісіңізді жуыңыз. Бұл тістің жылтыр қабығына зақым келтірмеу қаупін төмендетеді.  
  3. Таңғы ас ішкеннен кейін тісіңізді тағы да жуыңыз.

Тэгтер:

тіс жуу тісті дұрыс жуу маман пікірі таңертең тіс жуу