Жәбірленуші сотта Перизат Қайраттың анасын үйқамақта қалдыруды сұрады

23 шілде, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сот отырысында жәбірленуші Садық Олжас Газа тұрғындарына көмек ретінде 83 миллион теңге жинап, бұл қаражатты айыпталушыға жеке өзі тапсырғанын айтты, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Оның айтуынша, ол Абу-Дабиге де бірге барып, есептің ашықтығына көз жеткізгісі келген, алайда «ешқандай ашықтық та, есеп те болмаған».

«Біздің талап-арызымызды және прокурорлардың ұсыныстарын қолдауларыңызды сұраймын. Ғайни Алашбаеваға қатты жаным ашиды, қазіргі таңда денсаулығына байланысты қиындықтары бар, мүмкін, оны да үйқамақта қалдыруға болар ма екен?», – деді Садық Олжас.

Тэгтер:

қайырымдылық қоры жәбірленуші Перизат Қайрат Ғайни Алашбаева үйқамақ