Құтқарушылар орманда адасып кеткен әйелдерді тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркі аумағында кешкі уақытт саңырауқұлақ теруге шыққан екі әйел адасып кеткен.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен кинологиялық топ жіберілді. Түнгі уақытқа қарамастан, мамандардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдер табылды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді.
ТЖМ ескертеді: табиғатқа шығар алдында бағытыңызды мұқият жоспарлаңыз, жақындарыңызды жоспарыңыздан хабардар етіңіз және байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алуды ұмытпаңыз.