Жезқазғанда кәсіпкерлерді бопсалаған күдіктілер ұсталды

23 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Istockphoto

Жезқазғанда бизнесті криминалдық бақылауға алу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Ұлытау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жезқазған қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамалды.

"Аталған азаматтар шағын және орта бизнес нысандарын бақылауға алуға тырысып, күш қолданып, 6 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында заттай айғақтар тәркіленді.

Полиция құқық бұзушылықтың алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден "102" нөміріне хабарласуды ескертті.

Тэгтер:

Жезқазған