«Өмірімнен жоғал»: Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

23 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова өзінің желідегі парақшасында әсерлі видео жүктеді, деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Мұқанова қоштасу сөздерін айтып, оқырмандарын ойланадырып қойды.

"Өмірімнің астан-кестенін шығардың. Бар, кет, жоғал. Қайда барсаң, онда кет", - деді ол. 

Сондай-ақ, Мөлдір жұбына өміріндегі онымен өткізген көңілді, бақытты сәттер үшін де алғысын білдірді. 

"Не болса да, жақсы сәттер көп болды.
Көп рахмет саған.
Бәрі шынайы болды.
Бірақ мен бір нәрсені түсіндім: Адал махаббат — сөзбен емес, іспен дәлелденеді.
Уәде емес, әрекет.
Сезім емес, тұрақтылық", - деп жазған жариялаған видеоның астына.