Қай қалада ауа сапасы нашарлайтыны белгілі болды

23 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

23 шілдеде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы және түнде Астанада қолайсыз ауа райы сақталады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.