Астанада үш қабатты ғимарат өртенді

23 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
ТЖМ

Елорданың Алматы ауданындағы Асқар Тоқпанов көшесіде орналасқан үш қабатты ғимараттың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

Өртті сөндіруге су үздіксіз берілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді. Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қабылданды.

ТЖМ қызметкерлері жоғары дәрежемен жұмыс істеп, өртті оқшаулады. Өрт толығымен сөндірілді, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.