Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

22 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Самирхон Абабакиров ХХХІІ Универсиада ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Германиядағы ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.

Таеквондодан 67 келіде сынға түскен отандасымыз Самирхон Абабакиров ақтық сайыста Түркия өкілін жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Тэгтер:

Самирхон Абабакиров универсиада