Рудныйда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

22 шілде, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Рудный қаласында көпқабатты үйдің 4-қабатынан 1 жас 11 айлық бала құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға бүгін, 22 шілде күні болған. Бұл ақпаратты Рудный қалалық ауруханасының баспасөз қызметі растады.

«2023 жылы туған бала 22 шілде күні сағат 10:35-те жедел жәрдем арқылы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде тексеруден өтіп жатыр», – деді мекеме.

Тэгтер:

Бала Рудный Терезе биіктен құлау