Үкімет биыл геологияны дамытуға 30 млрд теңге бағыттамақ

22 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі ресурстық базаны кеңейту екенін атап өтті.

«Жер қойнауын геологиялық барлау көлемін арттыру үшін биылдан бастап қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтамыз. Біз жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың қаражаттарын геологияны дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдадық. Биыл бұл сома кемінде 30 млрд теңгені құрайды. Аталған қаржы көлемі әлі де арта түсетін болады. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүріп жатыр», — деді Премьер-министр.

Тэгтер:

Үкімет геология