«Күмән келтіреді»: Шерзат Полаттың ағасының өлімі туралы тың ақпарат жарияланды

22 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Адвокат Мейірман Шекеев марқұм Шерзаттың Полаттың ағасы Нұрқанаттың өліміне қатысты тың ақпарат жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың ісінде күмән келтіретін жағдайлар бар. 

«Нұрқанаттың анасының айтуы бойынша, сол күні доктор (Бауыржан Абдрахманов) Қаржаубайдың отбасына қатысты  бейне жазба жариялаған көрінеді. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике ханымның доктордан жауап алып, жазаға тарту туралы арызы аяқсыз қалған. Бұдан бөлек күмән келтіретін жәйттар ҚПК 24-бабына сәйкес толық тексерілмеген», – деп жазды Мейірман Шекеев.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 4 қазанда Алматы облысы Талғар қаласындағы "Камажай" дүкені жанында 16 жастағы Шерзат Болат пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын. Аталаған оқиғадан кейін екі ай өткенде немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өз-өзіне қол жұмсап көз жұмғаны хабарланған еді.

 

Тэгтер:

Шерзат Полат Нұрқанат Ғайыпбаев