Астанадағы автобус апатында екі аяғынан айырылған қыз үйіне шықты

Бүгін, 10:53 / Алуа Арман
фото: inbusiness.kz Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/262182-astanadagy-avtopark-aiagyn-kesuge-mazbur-bolgan-8-zastagy-qyzga-omir-boiyna-qarazat-toleidi

2 маусым күні автобус бағанға соғылып, 7 жастағы Алуа Бекен зардап шеккен болатын. Дәрігерлер оның екі аяғын кесуге мәжбүр болған, деп жазады turkystan.kz.

Ота мен оңалту процедураларынан кейін Алуа үйіне шығарылды.

«Қазір бәрі жақсы. 18 шілде күні бізді оңалту орталығынан шығарды. Қазір демалып жатырмыз. Жақында протездермен жұмыс істей бастаймыз, оңалтуды енді басқа жерде жалғастырамыз», – деді қыздың анасы.

Оның айтуынша, жақын арада Алуаға протез орнатуға дайындық басталады. Қыздың эмоционалдық жағдайы да тұрақты.

«Қызымның жағдайы жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Бізге алты айға (оңалту кезеңіне – ред.) төрт бөлмелі пәтер берілді. Бізге пәтер сыйлады, бірақ оның құрылысы қазан айында аяқталады», – деп толықтырды анасы.

Тэгтер:

автобус апаты Алуа Бекен