Елена Рыбакина халықаралық турнирдің ширек финалына шықты

22 шілде, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Вашингтондағы (АҚШ) ATP 500 турнирінің жұптық сайысында ширек финалға өтті, деп хабарлайды turkystan.kz

Отандасымыз жұптық сында Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен бірге өнер көрсетуде.

Рыбакина/Радукану ширек финалға шығу үшін словакиялық Тереза Михаликова және ұлыбританиялық Оливия Николласпен шеберлік байқасты. Нәтижесінде Рыбакина/Радукану жұбы 2:6, 7:6(4), 11:9 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 53 минутқа созылды. 

Тэгтер:

Турнир Елена Рыбакина теннис ширек финал