Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

22 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

22 шілдеде Қазақстанның бірнеше қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.