Рудныйда қайғылы жағдай болды

Бүгін, 05:21 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

17 жастағы жасөспірімнің денесін құтқарушылар Тобыл өзенінен алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға өткен демалыста болған. Рудный қаласындағы ойын-сауық саябағының аумағында, яғни Тобыл өзенінің ескі арнасында рұқсат етілмеген жерде суға түскен 2008 жылғы жасөспірім суға батып кеткен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел жетті.

– Іздестіру кезінде баланың мәйіті жағалаудан 90 метр қашықтықта 3,5 метр тереңдіктен табылды. Құтқарушылар марқұмды судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды, - делінген Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. 

Ведомство азаматтарды тағы да су маңында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.