Қайырымды жандар футбол ойнап жүрген жетім балаға баспана сыйлады (ВИДЕО)

21 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы

Әлеуметтік желіде көптің жүрегін елжіреткен видео тарады. Онда қайырымдылық қоры жетім баланы ерекше жағдайда қуантқан, деп жазды turkystan.kz.

Жаңа қоныс иесі — 16 жастағы Ерасыл есімді жасөспірім. Ол бес жасында анасынан айырылып қалған. Ал 15 жасында — әкесі ауыр дерттен көз жұмған. Ерасыл енді екі бауырын өзі бағып-қағып отыр.

Ол әкесінің «Екі бауырыңа бас-көз бол. Барлығың бірге өмір сүріңдер» деген соңғы аманатын әркез есінде ұстайтынын айтты.

Осы жайттан хабардар қазақстандық қайырымдылық қорының мүшелері ата-анасыз қалған балаларды қуантты. Қор өкілдері үш баланы баспанамен қамтамасыз етіп, олардың болашағына сенім ұялатқан.

Мұндай жүрекке жылу сыйлайтын шынайы оқиғаланы көрген желі қолданушылары жасөспірімдерге жалы тілектерін арнады.

Тэгтер:

Баспана қайырымдылық жетім