Халықаралық ғарыш стансасының экипажы Қазақстанға қонды
Халықаралық ғарыш стансасының экипажы Қазақстанға қонды
Қазақстан аумағына ХҒС мүшелері отырған капсула қонды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Агенттіктің мәліметі бойынша, қазіргі кезде құтқарушылар "Союз МС-02" кемесінің аппаратынан Андрей Борисенко мен Сергей Рыжиковты, сондай-ақ NASA астронавты Роберт Шейн Кимброуды қауіпсіз жерге алып шығып жатыр. Ғарышкерлердің жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. ХҒС 49/50 миссиясының мүшелері станцияда 173 тәулік болды. Олег Новицкий (Ресей), Пегги Уитсон (АҚШ) және Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Тома Песке (Франция) келесі ХҒС 51/52 экспедиция мүшелерінің келуіне дайындалып жатыр. ХҒС 51/52 миссиясының екі мүшесі "Союз МС-04" кемесімен Байқоңырдан 20 сәуірде ұшады деп жоспарланған.