Шерзат Полат ісі: Сот процессі кезінде жанжалдасқан екі қорғаушы татуласты

21 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

Шерзат Полат сотында жәбірленушілердің құқығын қорғаған Мейірман Шекеев өз командасында болған адвокат Бағдат Амандосұлымен татуласты, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мәлім етті.

«Таумен тау жолықпас, адаммен адам жолығады.

Араға уақыт, қашықтық, реніш түссе де — шынайы адамдар қайта табысады», – деді ол.

Айта кетейік, Талдықорғандағы сот отырысы кезінде Бағдат Амандосұлы әріптесі Мейірман Шекеевпен сөзге келіспей, ақырында істен шеттетілгенін мәлімдеген болатын.

Тэгтер:

адвокат Шерзат Полат қорғаушы Бағдат Амандосұлы Мейірман Шекеев