«Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды – Президент тапсырма берді

21 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішінде наразылық тудырған «Бағанашыл» балалар үйін Қонаевқа көшіру мәселесіне қатысты тапсырма берді.

 «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады,  – деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Тэгтер:

Балалар үйі Қонаев