Ақтөбеде автобекетте көлік өртенді

21 шілде, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Ақтөбеде автогаз құю станциясында жеңіл автокөлік өртеніп, нәтижесінде АГЗС операторы зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде Едіге батыр даңғылындағы автогаз құю станциясында болған оқиның видеосы тарады.

Кадрларда көбікке малынып, өртеніп кеткен көлік кузовы көрсетілген, жанында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облысы ТЖД хабарлағандай, 25 литрлік тұрмыстық газ баллонын құю кезінде жеңіл автокөлік өртенген.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. АГЗС-ның резервуарлары мен инфрақұрылымына оттың таралуына жол берілмеді», – делінген ведомство хабарламасында.

Белгілі болғандай, АГЗС операторы жарақат алған, ол мойны мен қолынан термиялық күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Тэгтер:

Автокөлік өрт автобекет