Президент Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

21 шілде, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

 

Тэгтер:

құттықтау Ақорда Бельгия Ұлттық күн