Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:22 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін республикамыздың бес қаласында жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. 

- 2025 жылғы 20 шілдеде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.