Желіде Ақтауда болған төбелестің видеосы тарады

Бүгін, 05:18 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Ақтаудағы әуежайдың автотұрағында болған жаппай төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Zakon.kz хабарлауынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын полиция растады.

Желіде жарияланған кадрларда кем дегенде үш адамның бір адамға жабыла кеткені көрінеді.

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысы бар барлық азамат анықталып, жауапкершілікке тартылған.

"Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 2025 жылдың 23 маусымында болған. Алайда оның видеосы әлеуметтік желіге бүгін ғана тарады", - деп жазды Lada.kz.

Ведомство мәліметінше, төбелеске қатысқан үш адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы – "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.