Әлемде үйсіз жандардың саны 300 млн-нан асты

Бүгін, 02:14 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Әлемде 300 млн-нан астам жан үйсіз жүр. Бұл - БҰҰ келтірген мәлімет, деп хабарлайды Qazaqstan арнасы.

Оған сай, 1 миллиардтан астам адам трущобаларда тұрады.

Ұйымның дерегінше, тағы 2 млрд 800 млн адам үй деп айтуға келмейтін бейресми паналарда тұруға мәжбүр.

Жағдайды жаһандық тұрғын үй нарығындағы дағдарыс ушықтыра түскен. Найробиде өткен жиында ұйым өкілдері Азия-Тынық мұхиты аймағында миллиондаған адамның суға қол жеткізе алмай, санитарлық қажеттіліктері өтелмей отырғанын да атап өтті.

Әлем елдерін бұл мәселелердің шешімін бірлесе табуға үндеді.