Жаңалықтар

Қазақстанға 1 миллиард теңгенің ұялы телефоны заңсыз жеткізілген

ашық дереккөзі

Қазақстанға 1 миллиард теңгенің ұялы телефоны заңсыз жеткізілген

Өткен жылы Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанға заңсыз жолмен жеткізілген 8 мың 143 ұялы телефонды тәркіледі. Контрабандалық тауардың жалпы соммасы 147 миллион теңгеден асты, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Жақында бізге Біріккен Араб Әмірліктерінен ақпарат түсті. Соның негізінде комитет мамандары Қазақстан территориясына сомасы 1 миллиард теңгеден асатын ұялы телефондардың ірі партиясын анықтады. Оны әкелген кәсіпкерлерлер сол ұялы телефондардың теxникалық сиппатамасын әдейі өзгертіп, тауардың бағасын барынша төмендетіп көрсеткісі келген. Сауд Арабиясындағы әріптестеріміздің мәліметтерін негізге ала отырып, біз осы қылмысты да әшкереледік», - деді комитеттің үйлестіру және даму департменті директорының міндетін атқарушы Жамбыл Сұрағанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның сөзіне қарағанда, Сауд Арабиясының салық органдары ол ақпаратты біршама уақыттан кейін жіберді. Сол екі арада пысықай кәсіпкерлер өз тауарларын елге жеткізіп үлгерді. Дегенмен, алдағы уақытта сот арқылы тиісті шаралар қолға алынатын болады. Айта кетейік, брифинг кезінде Сұрағанов Павлодар облысында заңсыз казино ашқан кәсіпкерлердің 2,6 млрд. теңгеден астам табыс тапқанын да жеткізді.