Алматы тұрғыны төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

Бүгін, 01:40 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мамбетов Асқар Әбдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлұлы көшесі, 18а мекенжайындағы орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлер кейін оны аялдамада көрген, ол Алматыға бағыт алған №54 автобусқа отырған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.