Астанада көлік жиі жүретін көшенің бірі бес күнге жабылады

Бүгін, 01:32 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астанада қаласында көлік жиі жүретін көшенің бір бөлігі бес күнге толығымен жабылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, Сығанақ көшесіндегі жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты көшенің екі бірдей учаскесі жабылады. Олар:

Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосына дейін;

Қазақ радиосынан Сауран көшесіне дейін.

"Биылғы жылдың 20-25 шілдесі аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - дейді мамандар.