«Келінім итальян қызы»: Әнші Жұбаныш Жексенұлы отбасы туралы айтып берді

Бүгін, 01:05 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Елімізге белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы баласының шетелдік қызға үйленгенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы өнер иесі «Сыр» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Менің келінім – итальян қызы. Бастапқыда 5–6 жылдай қарсы болдық. Бірақ тағдыр мен махаббатқа қарсы тұру мүмкін емес екен. Үлкен ұлым шетелде оқып жүргенде танысыпты. Кейін үйленді. Қазір, Құдайға шүкір, бәрі жақсы», – деді Жұбаныш Жексенұлы.