Жазғы универсиада: Таэквондошы Батырхан Төлеуғали қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 00:43 / Нұрлан Әлинұр
Фото: olimpic.kz

ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы екі медаль түсті.

Дүниежүзілік додада Батырхан Төлеуғали (80 келі) жартылай финалда Оңтүістік Корея өкіліне есе жіберіп, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ ел құрамасынан Темірлан Тілеулес (58 келі) үздік үштіктен көрінді.

Айта кетсек, бүгін Нодира Ахмедова (49 келі) қола жүлдегер атанған еді.