Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Бүгін, 00:27 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД

Қарағанды облысында рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан екі адам суға кетіп, мерт болды. Құрбандардың бірі — кәмелетке толмаған бала, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы оқиға Бұқар-Жырау ауданында боллы. Заречное ауылы маңындағы Соқыр өзенінен 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін ТЖД қызметкерлері судан алып шыққан.

Екінші жағдай Теміртауда болды. Техникалық арнадан 1969 жылы туған ер адамның денесі табылған.