Елена Рыбакина WTA-500 турнирінде бақ сынайды

20 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Елена Рыбакина мен Эмма Радукану WTA-500 турнирінде жұптық сайысқа қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Қазақстандық теннисші, әлемнің 13-ракеткасы Елена Рыбакина және әлемдік рейтингте 45-орында тұрған британдық Эмма Радукану 21–27 шілде аралығында АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтетін WTA-500 санатындағы турнирде жұптық сында жұп болып ойнайды. Бұл туралы Sports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Сонымен қатар, қос спортшы жекелей сында да жарыс жолына шығады. Рыбакина жарысқа үшінші нөмірлі сеяні ретінде қатысып, екінші айналымнан бастайды. Ол бұл кезеңде ресейлік Анастасия Потаповамен кездесуі мүмкін. Ал Эмма Радукану алғашқы айналымда украиналық Марта Костюкпен кортқа шығады.

Айта кетейік, бұл турнирдің қазіргі чемпион атағын испан теннисшісі Паула Бадоса иеленіп отыр.