Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан адам екі айға қамауға алынды

19 шілде, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Осы оқиғаға қатысты ресми мәлімдемені облыстық прокуратура таратты.

Қостанай облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұған дейін оны полиция қызметкерлері ұстаған.

Еске салсақ, Қостанай облыстық ауруханасының жедел жәрдем қабылдау бөлімінде науқас хирургке шабуыл жасағаны анықталды.