Оралда белгілі блогер ұсталды

18 шілде, 2025 / Өтей Торғайұлы
Сурет: uralskweek.kz

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің департаменті блогер Айболат Букеновты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz "Чиновник.kz" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Басылымның дереккөздеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Букенов қорғану құқығы бар куә ретінде тіркелген.

Хабарламада айтылғандай, блогер аудан шенеуніктерінің бірінің ар-намысына нұқсан келтіретін ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, одан ірі көлемде ақша талап еткен. 16 шілде күні ақша беру кезінде ол ұсталған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті өз кінәсін мойындаған. Қазір бұл іс бойынша «Қорқытып ақша бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

ҰҚК департаменті бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

 

Тэгтер:

Орал Айболат Букенов