Алматыдан 319 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

 «Ұлттық ғылыми-сейсмологиялық ақпарат орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 18 шілде күні Астана уақытымен 13:16-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 42,223, шығыс бойлық 80,570.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Алматы Жер сілкінісі