Гастроэнтеролог ең зиян шоколад түрін атады

Бүгін, 04:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шоколад – миллиондаған адамның сүйікті тәттісі. Алайда оның барлық түрі бірдей пайдалы емес. Кейбір түрлерін үнемі жесе, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Гастроэнтеролог Екатерина Кашух кез-келген шоколад – ең алдымен десерт екенін, денсаулыққа пайдалы өнім емес екенін атап өтті. «Қантсыз» деген таңбасы бар өнімдер де қауіпсіз емес: мұндай шоколадтарда қанттың орнына көбіне агава шәрбаты, бал немесе басқа да тәттілендіргіштер қолданылады. Олар да қандағы глюкоза деңгейіне әсер етеді.

«Шоколад – көмірсуға бай өнім. Бірақ көмірсулар біздің ағзамызға қажет. Ең бастысы — оларды мөлшермен тұтыну. Қант диабеті кезінде де кейде аздап шоколад жеуге болады, бірақ қандағы қант деңгейін бақылап, дәрігермен кеңескен дұрыс», – деп түсіндірді Кашух.

Кейбір өндірушілер шоколад құрамында кальций бар екенін айтады, бірақ оның мөлшері өте аз. Дәрігердің айтуынша, шоколадты функционалды өнім ретінде емес, жай ғана ләззат алу құралы ретінде қабылдау керек.

Қай шоколад ең пайдасыз?

Ащы, сүтті және ақ шоколадты салыстырғанда, мамандар зияны ең азы  – ащы шоколад дейді. Оның құрамында кемінде 70 пайыз какао бар және қант мөлшері аз (100 грамм өнімде 10-40 грамм). Ал сүтті шоколадта әдетте 100 граммда шамамен 50 грамм қант болады, ал ақ шоколадта какао өнімдері мүлде жоққа тән, негізінен ол қант пен какао майының қоспасы.

«Ақ шоколадты «у» деуге болмайды, бірақ ол ең көп калориялы және ең аз пайдалы түрі. Ең бастысы – шекті білу. Қауіпсіз мөлшері – аптасына 20–30 грамнан аспауы керек», – дейді дәрігер.

 

Тэгтер:

денсаулық шоколад какао гастроэнтеролог