Өтірік қуану денсаулыққа кері әсер етеді – зерттеу

Бүгін, 03:45 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Кейбір адамдар ішкі күйі жайсыз болса да, сырт көзге «бәрі керемет» деп күлімсіреп жүреді. Бірақ ғалымдар шынайы эмоцияны жасыру адам денсаулығына кері әсер ететінін айтып дабыл қақты.

Психологтар мен нейробиологтардың айтуынша, адам өз эмоциясын жасырып, жасанды түрде «қуаныш» көрсетуге тырысқанда, ағза стресте болады. Мұндай сәтте эндорфин мен серотонин сияқты «қуаныш гормондары» бір сәтке бөлінгенімен, ол шынайы емес және ұзақ әсер бермейді. Керісінше, жүйке жүйесі бұзылып, созылмалы шаршау, ішкі күйзеліс пайда болады.

Сондай-ақ ғалымдар соңғы жылдары «токсикалық позитив» ұғымын жиі қозғап жүр.

Токсикалық позитив – шынайы эмоцияны, әсіресе, жағымсыз сезімдерді мойындамай, өзіңді немесе басқаларды әрқашан күліп жүруге мәжбүрлеу.

Ал психолог Сьюзан Дэвид токсикалық позитив шынайы адамды эмоционалды жағынан жалғыздыққа "ұшырататынын" айтты.

Тэгтер:

денсаулық зерттеу қуаныш эмоция