Кімге жаңғақ жеуге болмайды?

Бүгін, 03:15 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Жаңғақты аллергиясы бар әрі ас қорыту жолдары ауыратын адамдарға жеуге болмайды. Бұл туралы Мәскеу облысындағы Видное клиникалық ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері Людмила Сухорукова мәлімдеді.

«Жаңғақтар – құнарлы әрі пайдалы тағам. Алайда олар аллергиясы бар адамдарға және ішек жолдары ауыратындарға зиян келтіруі мүмкін. Мәселен, тітіркенген ішек синдромы, гастрит, панкреатиті бар науқастар жаңғақты жеуде сақ болған абзал», – деді маман.

Оның айтуынша, жаңғақтың ағзаға зиянын азайту үшін оларды түнге жылы суға салып қоюға болады.

«Суға салғанда ферменттік процестерді белсендіреді, фитин қышқылының мөлшерін азайтып, пайдалы заттардың сіңімділігін арттырады», – дейді Сухорукова.

Сондай-ақ гастроэнтеролог егер адамда ішек аурулары, асқазан жарасы, тері проблемалары болса кедр жаңғағынан мүлде бас тартуға кеңес береді.

Тэгтер:

жаңғақ аллергия гастроэнтеролог