Қылмыстың жолы кесілді

Бүгін, 14:20 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдер 70 қылмыстың жолын кесті.

Құқық  қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеті – ұйымдасқан қылмыс­қа қарсы күрес. Павлодарлық полицейлер бүгінде қылмыс жасағаны және аза­мат­тардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргені үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаты бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтсақ, жедел қызметкерлер ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған қатысқаны үшін 4 қылмыстың жолын кесті. 
Прокуратура мен сотты үйлестіру кезінде екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олардың бірі екі жыл бойы бопсалаумен айналыс­са, екінші топ тelegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы психотроптық заттарды таратумен айналысқан. Мәсе­лен, Екібастұзда есірткі заттарын өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды, бұл ретте есірткі заттарын өсіру жөнін­дегі зертхананы жабдықтады. Сондай-ақ қарақшылыққа күдікті адамдар тобы ұсталды. 
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметі – құқық қорғау жүйесінің маңызды бөлігі және заңды­лық, объективтілік және тиімділік прин­циптеріне негізделген. Күнделікті жұ­мысында олар «Заң мен Тәртіп» қағида­тын ұстанады, жаңа технологиялар мен құралдарды белсенді қолданады, олар­дың көмегімен криминогендік жағдайды талдайды және онлайн ортада қылмыс­тық әрекетке мониторинг жүргізеді.

Тэгтер:

қылмыс Заң мен Тәртіп