Тереңөзек кентінде ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асуда

18 шілде, 2025 / Ербұлан Қайрат

Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, экологиялық ахуалды жақсарту сынды басым бағыттар бойынша нақты нәтижелер көңіл қуантады. 

 Өткен жылдың желтоқсан айында ай­мақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен және облыстық Ден­саулық сақтау басқармасының бастама­сы­мен аудандық аурухана жанынан облыс­тық деңгейде қызмет көрсететін жаңа ем­деу ғимараты іске қосылды. Пал­лиа­тивті бөлімше ашылғаннан бергі соңғы 
6 айда 340 науқас ем қабылдаған. 
– Жыл көлемінде аудан медицинасында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Аудандық аурухана жанынан облыстық деңгейде науқастарды қабылдайтын «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесі бар жаңа емдеу ғимара­ты­ пайдалануға берілді. Бөлімшенің мате-
р­иалдық базасы жетілдірілді, заманауи үлгідегі технологиялармен қамтылды. Ауыр хәлдегі науқастар мен ұзақ уақыт бойы оңалтуды қажет ететін жандарға тәулік бойы ем-шара жүргізілуде. Оңалту іс-шарасын жасауға барлық мүмкіндік қарастырылған. Мезгілімен науқастар ем қабылдап, дәрігер бақылауында болады. Қос бөлімшеде 5 дәрігер мен 50-ге жуық орта буын мамандары және кіші буын қыз­меткерлері бар. Сонымен қатар физио ем жүргіліп, логопед, психолог, массаж, емдік дене шынықтыру мамандары дем­алыс күндеріне қарамастан жұмыс істейді. Айта кету керек, паллиативтік медицина­лық көмек көрсету бөлімшесі 60 төсек орынға арналған. Бөлімше қажетті меди­ци­налық құрал-жабдықтармен, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдар­мен толық қамтамасыз етілген, – деді бас дәрігердің орынбасары Қанат Медетбаев.
Сонымен қатар елді мекенде тұрмыс­тық қатты қалдықтар полигоны салынды. Бұл жоба экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. 
– Тереңөзек кентінде тұрмыстық қат­ты қалдықтар полигонының құрылысы 2024 жылы жүргізілді. Бұл жоба желтоқсан айында пайдалануға берілді, оның құны – 475 млн теңге. Палигонның бір ерекшелі­гі – мұнда тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау қондырғылары орнатылған. Яғни, бұл жерде пластик, шыны, темір және басқа да қайта өңдеуге жататын қоқыстар осы жерде сұрыпталып, тиісінше өңдейтін орындарға жөнелтіледі, – деді Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияров.

Тэгтер:

әлеуметтік жоба Тереңөзек кент